Жоба туралы

Қашаған кен орны – осы күні ашылған ең ірі әрі қиын кен орындарының бірі, ол су бетінде шамамен 75 х 45 километрге тең ауданды алып жатыр, 4,65 млрд.тоннаға (36.6 млрд.баррель) бағаланған геологиялық қоры бар бірыңғай көмірсутек кені болып табылады.

Кен орынды игеру қиындығы коллектордың физикалық ерекшеліктерімен – жоғары қабат қысымы және қабатты флюидтегі күкіртті сутектің жоғары мөлшері, сондай-ақ кеннің географиялық орналасуымен шартталған – қыс уақытында мұз болып қалатын Каспий теңізінің таяз су қайраны.

Кен орынның аса күрделілігіне және оны игеру үшін бірегей техникалық және қаржылық шешімдер талап етілетініне байланысты 1997 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ұқсас мұнай-газ кен орындарды игеруде үлкен тәжірибесі бар халықаралық ірі компаниялардың өкілдерінен құрылған ОКИОК (Offshore Kazakhstan International Operating Company N.V.) халықаралық консорциумы арасында Өнім бөлісу туралы келісім (ӨБК) жасалды. 2001 жылы ОКИОК консорциумының функциялары Agip KCO компаниясына, ал 2008 жылы – жаңа Оператор – NCOC компаниясына (North Caspian Operating Company) берілді. 2013 жылдың қыркүйек айында Мердігерлік компаниялар, Өкілетті Орган және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасындағы қызмет ететін операциялық модельді өзгерту, Оператор Агенттерін жою и ортақ операторды (NCJV) құруға қатысты Өзара түсінісу туралы меморандумға қол қойды. 2015 жылғы 13 маусым айында агенттер мен операторды қосу бойынша процесс аяқталды. Қазіргі уақытта консорцумның құрамына Eni, Total, ExxonMobil, Shell, CNPC, Inpex және "ҚазМұнайГаз" ҰК қатысушылары кіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан осы жобаны жүзеге асыру үдерісін бақылайтын және мониторинг жүргізетін Өкілетті Органның қызметі «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясына (1997 ж.), ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрілігіне (2001 ж.), «ҚазМұнайГаз» Ұлттық мұнай-газ компаниясына (2002 ж.) жүктелді. 2010 жылдан бастап ҚР Энергетика Министрлігі атынан Өкілетті Органның қызметін «PSA» ЖШС-сы жүзеге асырады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында Атырау қаласынан 80 километр шақырым жерде орналасқан кен орынды игерумен қатар Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі тарихында жаңа кезең басталады – Каспий теңіз қайранының мұнай-газ әлеуетін зерттеу, бағалау мен игерудің басы.

Қашағанды игерудің негізгі күні 2000 жыл, сол жылы бірінші мұнай өндірілді және 2002 жылғы маусым Қашағанның Коммерциялық Ашылымы (ҚКА) туралы хабарлама жасалған күн, 2004 жылғы желтоқсан айында алғашқы Қашағанды Игеру Жоспары мен Бюджеті ұсынылған кез.

ҚКА жарияланғаннан кейін Оператор Кен орынды бағалау бағдарламасын дайындап, іске асырды, оның нәтижесі бойынша кен орынды игеру бөлек бөлек кезеңдерді жобалау және жүзеге асыруды көздейтін толық ауқымды игеруге бағдарланған кен орынды кезең кезеңімен игеру тұжырымдамасы қабылданды. Осы тұжырымдама кен орынның геологиялық ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік туғызады және әр кейінгі кезең алдағы кезеңдердің тәжірибесі мен практикасын есепке алатындықтан, қабылданған халықаралық мұнай-газ өнеркәсіп практикасына сәйкес келеді.

Кен орынды игерудің бірінші кезеңі Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) жобасы, оның нәтижесі бойынша кен орынды игерудің кейінгі кезеңдерінің тұжырымдамасы анықталады, яғни, Кен орынды толық ауқымды игеру (КТАИ). ТӨИ кезеңінде осы мәселелерді зерттеуге назар аударылады.

Сонымен қатар, СК ӨБК 2002 жылы Қаламқас-теңіз, 2003 жылы Қайран және 2003 жылы Оңтүстік-Батыс Қашаған кен орындары ашылды.