Пресс-релиздер

КМГ Кашаган Б.В. пресс-релиздер

2024 жылғы 7 қараша

KMG Kashagan B.V. жобаларды басқару бойынша ішкі тренинг өткізді

        Қазіргі таңда компаниялардан тек тапсырмаларды орындау ғана емес, сонымен қатар күрделі жобаларды тиімді басқару да талап етіледі. Команданың кәсібилігі мен тиімділігін арттыру үшін, KMG Kashagan B.V. жобаларды басқару бойынша өз қызметкерлеріне тренинг ұйымдастырды. Оны NCOC N.V. құрамындағы Қашаған жобасына қосылған компания мамандарының бірі, сертификатталған жоба менеджері Дархан Бекбауов өткізді.

         Еңбек ресурстарын жоспарлау және персонал бойынша ақпараттық жүйе менеджері ретінде Дархан Бекбауов әріптестеріне жобаларды басқарудың негізгі қағидалары мен құралдарын түсіндірді. Сондай-ақ өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен білімін бөлісті. Жүйелерді біріктіру және жобаларды басқару саласында білімі бар Дархан тиімді басқарудың жобаларды жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау аспектілерін қамтитын жүйелі жолын ұсынды.

          Ішкі оқыту –  KMG Kashagan B.V. корпоративтік дамуының маңызды элементі, бұл қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыруда, олардың жұмысқа деген қызығушылығы мен қанағаттану деңгейін көтеруде маңызды рөл атқарады. Ішкі сарапшылар жүргізетін тренингтер команданы нығайтып қана қоймай, жиі өзгеретін іскерлік ортада ерекше маңызды саналатын өзара білім алмасу мәдениетін қалыптастырады. Жобалардың күрделілігі мен жоғары сапа талаптарын ескере отырып, жобаларды басқару тәжірибесін игеру мүмкіндігі компания үшін маңызды артықшылық саналады.

          Дархан Бекбауовтың кәсіби деңгейі жоғары екенін, жобаларды басқару құралдары мен әдістемелерін игергенін ерекше атап өткен жөн. Оның әлемде бойындалған PMP стандартына негізделген білім стандарты кез-келген күрделі жобаны сәтті жүзеге асыратын жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, нарықта мамандар мен компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.


3 қазан 2024

Стратегиялық сессия: мақсаттарға қол жеткізу үшін және өзара әрекеттесуді жақсарту үшін күш біріктіру


2024 жылғы 3 қазан күні «ҚМГ Қашаған Б.В» жауапкершілігі шектеулі жеке компаниясының филиалы стратегиялық сессия өткізді, оған компанияның басшылары мен Солтүстік Каспий жобасына іссапар түрінде бекітілген қызметкерлер қатысты. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – компанияның стратегиялық мақсаттары мен басты міндеттерінің іске асырылуын талқылау болды.   

Сессия аясында қатысушылар компанияның алдағы жақын арадағы дамуының басым бағыттарын нақтылап талқылады және белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимыл жоспарын бірлесіп әзірледі. Бұл жерде негізгі стратегиялық міндеттер атап көрсетілді және оларды іске асырудың нақты қадамдары белгіленді.

Кездесу барысында өзара әрекеттесу мен ішкі коммуникация жасау тақырыбына ерекше назар аударылды. Қатысушылар әртүрлі департаменттер мен басқару деңгейлерінің арасында үйлесімді ақпарат алмасудың және тиімді ынтымақтасудың маңыздылығын талқылады. Бұл аспект компанияның стратегиялық мақсаттарына нәтижелі қол жеткізуде негізгі деп танылды.

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖКФ Бас директоры Қ.М. Құдайбергеновтің айтуынша, «Осындай сессиялар өзіміздің мақсаттарымызды айқын тұжырымдауда ғана емес, сонымен бірге командамыздың барлық мүшелерінің арасында әрекеттесудің тиімді механизмін құруда көмектеседі. Компания мақсаттарына қол жеткізуде әр қызметкердің үлесі маңызды, мұндағы біздің міндетіміз — сол үлестің барынша нәтижелі болуына тиісті жағдай жасау».