Оразбеков Марлен Армиевич

Бас директордың бизнесті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары

Оразбеков Марлен Армиевич Целиноград Инженерлік-Құрылыс институтын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті жанындағы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.  
Мұнай саласындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам. Еңбек жолын 2002 жылы «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС заңгер лауазымынан бастаған. 2003 жылдан 2005 жылға дейін еңбек жолын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да жалғастырды, онда заңгер, аға заңгер және бас заңгер лауазымдарын атқарды. 2005 жылы «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ–да заң департаменті директорының орынбасары, 2006 жылдан бастап құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2017 жылдың ақпанынан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ құқықтық мәселелері жөніндегі Басқарушы директоры (қоса атқарушы) лауазымын атқарады. 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК филиалы бас директорының бизнесті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.


Тізімге қайту