Шафихов Нұрболат Шафихович

Бас директордың бірінші орынбасары

1999 жылы Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мұнай факультетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану» мамандығы бойынша «Тау-кен инженері» дәрежесін алып тәмамдады. 2006 жылы Париждегі Француз мұнай институтының (Institut Français du Pétrole) мұнайгаз ісі бойынша (геология және игеру бағыты) Ғылым магистрі (Master of science) дәрежесін алды және Москвадағы И. М. Губкин атындағы Ресейдің мемлекеттік мұнай және газ университетінің Мұнайгаз ісі бойынша Магистр дәрежесіне иеленді. 2016 жылы Geneva Business School (Швейцария) бағдарламасы бойынша Халықаралық басқару магистрі дәрежесінің иегері атанды.

Мұнайгаз саласындағы өтілі 19 жылдан асады, оның ішіндегі 17 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылымында.

Кәсіби қызметін 2000 жылы «Теңізшевройл» компаниясында Мұнай өндіру жөніндегі инженер лауазымынан бастады, 2003 жылдың сәуірінде сол компанияның кен орынды игеруді басқару бөлімінің Өндіру жөніндегі аға инженер лауазымына дейін көтерілді.

2003 мен 2009 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының түрлі құрылымдарында кен орындарды игеру бойынша маман ретінде еңбек қызметін жалғастырды: «ҚазМұнайТеңіз» компаниясының жаңа жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жаңа жобаларды бағалау департаментінің бас менеджері және геология, геофизика мен резервуарлар департаментінің ба менеджері.   

2009 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан NCOC компаниясының техникалық директоратының Солтүстік Каспий жобасының (СКЖ) Қашаған кен орнын игеру жобалары бойынша үйлестіруші ретінде іссапарға жолданды. 2010 жылы «ҚазМұнайТеңіз» компаниясының зерттеу, өндіру және игеру департаментінің директоры болып тағайындалды, 2012 жылы «ҚМГ Қарашығанақ» компаниясының техникалық директорына тағайындалды, ал 2014 мен 2017 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ операциялық емес өндіруші активтері департаментінің директоры ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, «ҚМГ Қашаған Б.В.» мен «North Caspian Production Operations Company B.V.» компанияларының директорлары кеңесінің мүшесі болды, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС компаниясының бақылаушы кеңесінің мүшесі және де «KMG Systems & Services» компаниясында бақылаушы кеңестің мүшесі болды.     

2017 жылдың қазан айында Шафихов Нұрболат Шафихович «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Бас директорының Игеру және Өндіру жөніндегі Орынбасары лауазымына тағайындалды.

2020 жылдың қыркүйегінде «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК (Қазақстан Республикасындағы филиалы) Бас директоры болып тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. «ҚазМұанйГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған, «KAZENERGY», «ҚазМұнайГаз» және «ҚМГ Қарашығанақ» компанияларының алғыс хаттарын алды. 



Тізімге қайту