Мужановский Евгений

Бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары

1976 жылдың 28 маусым айында Қазақ КСР Целиноград қаласында дүниеге келді. 1997 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін «Экономика және құқық» факультеті «Заңгер, мемлекет және құқық негіздерінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000-2002 жылдары Польша, Люблин, Мари Кюри-Склодовской атындағы Университетін «Тарих, Поляк филологиясы» аяқтады.    

2001 жылы Польша, Варшава, «Құқық магистрі» біліктілілігін растады.

2012-2013 жылдары Германия, «AFW Экономика және жобаларды басқару академиясында» «Жобаларды басқаруды» бітірді.

2013-2014 жылдары Ұлыбритания, Ресей «Open University» және «ЛИНК Халықаралық менеджмент институтын» іскери әкімшілік, қызметкерлерді стратегиялық басқару және ақпаратты басқару мамандығы бойынша бітірді.   

2013-2014 жылдары Ресей, МВА «Стратегия», «ЛИНК Халықаралық менеджмент институтын» аяқтады.

Еңбек қызметін 1997 жылы Астана қаласының жеке кәсіпорындарда заңгер лауазымынан бастаған.

1998-2000 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-министр Кеңсесінің Құқықтық сараптама бөлімінің кеңесшісі.

2001 ж. - Қазақстанның Даму банкіде Заңды қызметін қамтамасыз ету басқармасының бас заңгері.

2002-2003 ж. - Варшава, Польша, «Кунахович, Слюсарек және Серіктестер Заң кеңсесінің» заңгері.

2003-2005 ж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас заңгері.

2005 -2009 ж. - «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ Заң департаменті директорының орынбасары кейін директоры.

2009 жылы «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК (ҚР-дағы филиал) Бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Тізімге қайту