Хасанов Бахытжан Кеңесұлы

Бас директор

1984 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша бітіріп, «Тау-кен инженері» біліктілігін алды.
Б.К. Хасанов өзінің еңбек жолын 1984 жылы «ҚазмұнайҒЖЗИ» АҚ компаниясында кен орнын игеру зертханасының инженері ретінде бастады. 1997 жылдан 2003 жылға дейін «Қазақойл» ҰМҚ, «Қазтрансойл» ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ секілді компанияларында жұмыс істеді.  «ҚазМұнайТеңіз ҰМК» АҚ Бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ теңіз жобаларын дамыту жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2007 жылмен 2010 жыл аралығындағы кезеңде «Лукойл Оверсиз Сервис Лтд» компаниясы филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеді, 2010 жылмен 2018 жыл аралығында «PSA» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметінде болды. 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған. 10-нан астам ғылыми мақалалардың авторы.
2023 жылдың 01 ақпанында «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК (Қазақстан Республикасындағы филиалы) Бас директоры лауазымына тағайындалды.


Тізімге қайту