Кусаев Нурлан Ханимұлы

Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

1978 жылдың 13 маусым айында Қазақ КСР Маңғышлақ облысының Жаңаөзен қаласында туған.

1996-2000 жылдар аралығындағы мерзімде АҚШ, Массачусетс, Бостон, Саффолк Университетін (Suffolk University) «Менеджемент, Қаржы» мамандығы бойынша аяқтап, «Іскери әкімшілік ғылымдарының бакалаврі» дәрежесін алды.

2003-2006 жылдары Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар мен Инжиниринг Университеті «Мұнай-газ ісі» факультетінің «Мұнай және газ кенорындарын игеру және өндіру» мамандығы бойынша оқыған, «Мұнай-газ ісініңі бакалаврі» дәрежесін алды.   

Еңбек жолын 2000 жылы Атырау облысында «Теңізшевройл» ЖШС-те жетекші аналитик қызметтерін атқарды.

2001-2002 ж. - «Мұнай және Газ Көлігі» ҰК ЖАҚ корпоративтік басқару департаментінің бас маманы.

2002 -2005 ж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бюджеттеу, индикативтік жоспарлау және жиынтық экономикалық талдау департаментінің менеджері, корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.

2005-2006 ж. - «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары.

2006 -2012 ж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері, мұнай тасымалдау жобаларын басқару департаменті директорының орынбасары, активтерді басқару департаментінің директоры.

2012 жылы «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК (ҚР-дағы филиал) Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.   



Тізімге қайту