Кескінбаев Қуаныш Бақытжанұлы

Бас директордың коммерциялық мәселелері жөніндегі орынбасары

2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмәмдап, «Экономист» кәсібін иеленді. 2011 жылы Халықаралық Бизнес Академиясының іскерлік басқару магистрі (Master of Business Administration) дәрежесіне қол жеткізді. 2019 жылы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық Университетінің «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесін алып шықты. Мұнай саласындағы тәжірибесі 16 жылдан асады.
Еңбек қызметін 2004 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Кеңқияқ» желілік өндірістік диспетчерлік қызметінің мұнай айдау станциясында оператор лауазымынан бастады.
2005 жылдан бастап 2011 жылға дейін еңбек қызметін «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС мұнай есептеу және мұнай сату бойынша оператор, мұнай сату бөлімінің маманы, сондай¬-ақ материалдық-техникалық қамтамасыздандыру бөлімінің жетекші маманы лауазымдарында жалғастырды.
2011 жылы қызметін Қазақстан Республикасындағы «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК филиалында тасымалдау және маркетинг жөніндегі департаментінде менеджер ретінде бастады, 2012 жылы тасымалдау және маркетинг жөніндегі департаментінде бас менеджер болды.
2015 жылы тасымалдау және маркетинг жөніндегі департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
2021 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК филиалы бас директорының коммерциялық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.


Тізімге қайту