«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК — Қашаған кен орнын игерудегі сенімді серіктес
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК (ҚМГ Қашаған) Қазақстан Республикасындағы Филиалы арқылы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісіміндегі 16,88% үлеске ие қазақстандық тараптың мүддесін басқарады.
Компания Қашаған жобасын дамытуда — әлемдегі ең ауқымды әрі технологиялық тұрғыдан күрделі мұнай-газ жобаларының бірінің іске асуына — шешуші рөл атқарады.
Жоғары білікті командасы мен заманауи технологияларды енгізу арқылы Компания стратегиялық мақсаттарына табысты жетіп келеді. Олардың қатарында көмірсутек өндіру көлемін арттыру және операциялық тиімділікті жоғарылату бар.
20 жылдық еңбегі барысында «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК баға жетпес тәжірибе жинақтап, мұнай-газ саласының дамуына елеулі үлес қосты және Қазақстанның әлемдік энергетика аренасындағы орнын нығайта түсті.
Бахытжан Кеңесұлы Хасанов
Филиалдың Бас директоры
Қысқаша тарихы
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК 2005 жылдың қазан айында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамымен құрылған.
Біздің көзқарасымыз
Ашық серіктестік
Мінсіз адалдық
Әлемдік деңгейдегі кәсіпқойлық
ESG-ге бағытталған жақсарту
Біздің серіктестер
Солтүстік Каспий жобасы консорциумға біріктірілген әлемнің жетекші энергетикалық компанияларының серіктестігі аясында жүзеге асырылады. ӨБК шарттарына сәйкес әр акционер өз өндіру үлесін тасымалдау мен сатуды дербес жүзеге асырады.
Барлық акционерлер атынан жобаны басқаруды оператор – NCOC компаниясы жүзеге асырады.
Барлық акционерлер атынан жобаны басқаруды оператор – NCOC компаниясы жүзеге асырады.
